ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ

Мәмәйіт Омаров ауылының мәдени-сауық орталығында аты аңызға айналған қазақтың мақтанышы, дүлдүл ақын-импровизатор әрі тамаша актер-әртіс, жерлесіміз Иса Байзақовтың туғанына 110 жыл толуына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.

10-сынып оқушысы Тоқай Нұрсұлтан жүргізген шара ақынның өмірбаянын таныстырудан басталды. Бұл күні Аяжан Кентейхан, Ғалымжан Жұматаев, Ағламин Еркіндік, Қуанбек Игіс ақынның шығармашылығынан «Құралай сұлу» поэмасын, Үштерек ауылының 6-сынып оқушысы Базар Лашын «Ақбөпе» поэмасынан үзінді ұсынды. Бұдан кейін Бортыбай Наурыз «Бүгін», Анарбек Жарқын «Жазғы кеш», Зейнелқабдыл Асхар «Қапы қалма қамданбай» сияқты өлеңдерді жатқа айтты. Жиналған қауымға 5-қазақ сыныбының оқушысы Амангелді Алтынтаң, драма үйірмесінің жетекшісі Алпен Кенжешқызы ерке назды, әсем сазды «Желдірме», «Наз қоңыр», «Кербез сұлу» әндерін сыйға тартты. Сондай-ақ ауыл кітапханашылары Жанбота Төлеген, Ұмсындық Абдуова мен Зергүл Қабдылхан ақынға арналған көрме ұйымдастырды. Кештің сәтті өтуіне ансамбль жетекшісі Сансызбай Кәркенұлы, Маржан Ағазқызы, музыка жетекшісі Бақдәулет Бақыт, Алмагүл Ерікпайқызы белсене қатысып, үлестерін қосты. Шараға жиналған тұрғындар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

 

А.НЕГДЕЛХАНҚЫЗЫ,

М.Омаров ауылының мәдени ұйымдастырушысы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30