АУЫЛДА ГАЗЕТ НЕГЕ САТЫЛМАЙДЫ?

Ақпарат құралдары – облыс, республика, шет елдерде, бүкіл жер шарындағы күнделікті болып жатқан жаңалықтардың қайнар көзі. Қазіргі заманда ғаламтор жүйесі ерекше дамыған. Үлкендер ғана емес, мектеп жасындағы жас жеткіншектер де оны жақсы меңгеріп алғаны соншалық, үйде не арнайы клубтарда ол арқылы өздеріне дос тауып жатады. Әйтсе де, теледидар, радио, ақпараттық басылымдардың өзіндік маңызы, айырықша ерекшелігі барын жоққа шығара алмаймыз. Республика көлемінде ақпарат басылымдарына мекемелерде, арнаулы жұмыс орындарында немесе пошта бөлімшелерінде қалаған мерзімдері бойынша жазылу науқаны жылдағыдай биыл да жалғасын табуда. Ал кейбір азаматтар газет, журналдарды арнайы баспа дүңгіршектерінен қалаған уақытында сатып алып, оқығанды ұнатады. Облыс орталығында мұндай мүмкіндіктер, әрине, баршылық. Әртүрлі себептермен кез-келген адамның ғаламторды пайдалануға, теледидар немесе радио жаңалықтарын қажет кезінде көріп, тыңдап отыруға мүмкіндігі бола бермейді. Ал газет, журналдардың жөні бір басқа. Көңіліңізді ерекше аударған кейбір суреттер мен мақала, мәліметтерді көріп, оқып қана қоймай, қиып алып, сақтап қоюға да болады. Сапарға шықсаңыз да жол қысқартудың бір амалы - газет, журнал оқу. Дегенмен, едәуір экономикалық, мәдени жетістіктері айтарлықтай аудан орталықтарынан мемлекеттік тілде шығатын облыстық басылым – «Сарыарқа самалы» газетінің кезекті данасын сатып алмақ болып іздесең, таппайсың. Себебі онда қала ішіндегідей ақпараттық басылымдар сататын дүңгіршектер орнату қарастырылмаған. Басылым халық игілігі үшін шығарылып жатса, оны тұтынуға қолайлы мүмкіндіктер неге жасалмайды екен?

Айгүл САИТОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30