Таяуда мен қатты науқастанып, Павлодар қалалық №2 ауруханаға түстім. Дәрігерлер диагнозды дәл қойып, мені емдеуге бар күш-жігерін салды. Нәтижесінде тәуір болып шықтым. Осыған байланысты реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Болат Уәлиханұлы Қажыбековке, осы бөлімше қызметкерлері Степан Пимовқа, Зияда Сембаеваға алғыс айтамын. Оларға халық денсаулығын сақтау жолындағы еңбектеріне табыс тілеймін. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, денсаулық сақшылары!
Бақыт БАЙЖҰМАНОВ,
Павлодар қаласы.

