ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БАЙҚАУ

 

Ақсу қаласында үйлер мен ғимараттардың сыртын Жаңа жылдық мерекеге сай безендіру жөнінде арнаулы байқау жарияланған болатын. Таяуда оның қорытындылары шығарылды. Бас жүлдені Еуразиялық банк филиалы жеңіп алды. Бірінші орынға «Горводоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, екінші орынға Ақсу ферроқорытпа зауыты, үшінші орынға Ақсу электр жүйелерінің кәсіпорны ие болды.

Қалалық емхана, «О-ля-ля» шаштаразы, Ақсу телекоммуникация байланысы мекемесі және №8 орта  мектептің сыртының жаңа жылдық безендірілуі де мақталды. Аталған ұйымдар грамоталар мен сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ Ертіс жағасындағы алаңды мұздан жасаған бейнелермен безендірудің қорытындылары шығарылды. Мұнда Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы жеңімпаз болып, сыйлықтар алды.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31