Ақсу қаласындағы №2 орта мектептің кітапханасында кітап аздығы жұртшылықты алаңдатқан жәйт еді. Осы олқылық орнын толтыру жолында сәтті қадамдар жасалды. Қаланың белгілі азаматтары кітапханаға кітаптар сыйлады. Нәтижесінде 5429 дана кітап шәкірттер игілігіне айналды. Енді балалар Жамбыл, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәкен Сейфуллиннің, Қасым Қайсенов, тағы басқа ақын-жазушылардың туындыларын оқи алатын болды.
Г.ТҮСІПОВА,
№2 орта мектеп кітапханасының меңгерушісі,
Ақсу қаласы.

