ҰМЫТ ҚАЛМАСЫН

 

Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, шәкірттеріне қадірлі ұстаз бола білген Қайролла Наурызбайұлының саналы ұрпақ тәрбиелеуде сіңірген еңбегі ерен. Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институтты тарих факультеті бойынша тәмамдаған ол Баянауыл ауданы, Майқайың кентіне келіп, ұстаздық қызметке қызу кіріседі. Осы жерде Мәнзила Ахметовамен жұбы жарасып, шаңырақ көтереді. Заман ағымымен Қайролла Наурызбайұлы Есқара ауылында ұстаздық қызмет атқарып, мектеп директоры лауазымына дейін көтеріледі. «Өзге жерде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол» демекші, ол көп ұзамай Майқайыңға қайта оралып, ұстаздық жолын одан әрі жалғастырады. Сегіз жылдық орыс мектебіне алдымен оқу ісінің меңгерушісі болып, артынша мектеп директоры болып тағайындалады. Бірер жылдан кейін Майқайың қазақ мектебіне ауысып, өмірінің соңғы күндеріне дейін аталмыш білім ордасының басшысы болды. Жауапкершілігі жоғары, білікті ұстаз, ақылды басшы бола білген Қайролланың есімі кейінгі кезде мүлдем аталмайды. Өміріне ұстаздықты серік еткен Қайролла Наурызбайұлының жас ұрпаққа сіңірген ерен еңбегін ешкім ұмытпаса екен. Оның қолынан өткен шәкірттері арадақты ұстазды үнемі еске алып, есімін жаңғыртып отырса, нұр үстіне нұр болар еді. 

Кәтіш ЖҰМАДІЛОВА,

ардагер ұстаз, Майқайың кенті. 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31