Мен Павлодар облысында туып-өсіп, білім алдым. Қазіргі уақытта Алматы қаласында тұрамын, қызметтемін. Павлодарда жүргенде облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің әр номерін мүмкіндігінше қалт жібермеуге тырысатынмын. Алматыға қоныс аударған соң, басылыммен байланыс үзіліп қалған еді. Енді, міне, мыңдаған оқырманның көңілінен шығып келе жатқан «Сарыарқа самалы» газетінің интернетте дербес сайты ашылғанына қатты қуанып отырмын. Оңтүстік астанадағы өзім білетін барлық павлодарлықтарға, сондай-ақ әріптестерге «Сарыарқа самалы» газетінің сайты ашылғанын қуана хабарлаудамын. Маған сайттың көркемдігі де, мазмұны да ұнады. Әрине, кем-кетігі болса, алдағы уақытта толықтырыла түсетіні даусыз деп ойлаймын. Сүйікті Павлодардың жаңалықтарын күнделікті интернеттен оқып-білуге, танысуға мол мүмкіндік тудырған азаматтарға айтар алғысымыз шексіз. «Сарыарқа самалы» сайтының қонақтары көп болатынына сенемін. Қоғамдық өмір, жастар саясаты, білім беру, спорт, әдебиет мен мәдениет – бәрі-бәрі қамтылатыны сүйсіндіреді. Интернет пайдаланушыларға айтарым – «Сарыарқа самалының» сайтынан көз жазбаңыздар! Ал басылым қызметкерлеріне «Іске сәт!» деймін.
Ғабдұл-Ғани ЫСҚАҚОВ,
Алматы қаласы.

