Мен «Saryarka samaly. kz» сайтына кіріп отырып, ондағы мақалаларды, балалар мен жастарға арналған қосымшаларды оқып, қатты қуанып қалдым. Осындай ауқымды сайттың жарыққа шығуына атсалысқан барша шығармашылық ұжымға алғысымды айтамын. Менің ойымша, оқырмандар үшін бұл сайттың берері мол. Айталық, облысымыздан жырақта жүрген жерлестеріміз осы сайт арқылы дер кезінде елдегі жаңалықтармен таныс болып, Павлодар облысы жайлы өздеріне қажетті мағлұматтардың барлығын ала алады. Сондай-ақ, балалар үйлерінде отырып-ақ өздеріне арналған «Айналайын» қосымшасын қарап, ондағы ақыл-кеңестер мен ертегілерді, әңгімелерді оқиды. Сол арқылы кішкентай бүлдіршіндеріміз интернетпен жұмыс істеуді үйреніп, ой-өрістері заман талабына сай бейімделеді. Өздерінің де ой-пікірлерін қосып, шығармашылық жұмыстарын енгізе алады.
Интернетте қазақ тіліндегі сайттардың аз екендігі белгілі. Ал Павлодар аймағының айнасы болған бұл сайтта мемлекеттік тілдегі құнды материалдар мен үлкендерге де, балаларға да арналған қызықты мақалалардың көп болуы қуантады.
Айгүл ЖАНДАРБЕКОВА,
«Ертіс дарыны» ғылыми орталығының
зертхана меңгерушісі.

