аяуда Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған музыкалық колледж және мектеп-интернаты кешені базасында ҚР еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры және Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Шахимардан Әбіловтің вокалдық өнер академиялық мектебінің тұсауы кесілді. «Павлодар достарын шақырады» атты опера және балет өнерінің VІІ халықаралық фестивалі аясында ашылған мектеп өңіріміздің талантты жастарын қолдап, музыкалық дәстүрді нығайтуды көздейді. Салтанатты ашылу рәсіміне Ресей, Украина, Беларусь елдерінің атақты музыканттары қатысты.
Павлодар облыстық білім беру басқармасы.

