ҮГІТ ПОЙЫЗЫ - АУЫЛДЫҚ АЙМАҚТА

«Достық үйі» мен Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының үгіт пойызы «Менің елім - Қазақстан» атты концерттік бағдарламасымен Мәмәйіт Омаров атындағы және Евгеньевка ауылдарында болып қайтты. Шараны Ақсу қалалық мәдени-сауық орталығы ұйымдастырды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының «Эльбрус» кабардин-балкар және қарашай-черкес этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Мария Байрамкулова бастап келген өнерпаздар тобы ақсулық жамағаттың ыстық ықыласына бөленді. «Куанч», «Алан» топтарының әншілері және славян этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Клавдия Кузьминская жұртшылықты әсем әнге бөлеп, көңіл-күйін жадыратты. Әсіресе, сымбаттылық пен сұлулықты дәріптеген тау халқының «Голлу», «Таулыла» билері көрерменнің зор қошеметіне бөленді.

 


А.СЕЙСЕНБАЕВА,
Ақсу қаласы.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30