ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Ақсу қаласы Қызылжар орта мектебі мұғалімдерінің ұйытқы болуымен ауыл мектептерінің арасында «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыру – бала дарындылығының даму факторы» деген тақырыпта аймақтық семинар өтті.

Шараға қатысушы қызылжарлық мұғалімдер өз тәжірибелерін ортаға салып, әріптестерімен ой бөлісті. Семинарда сөз алған бастауыш сынып мұғалімдері Г.Елеукенова мен Г.Жүкенова сын тұрғысынан ойлау тәжірибесін бастауыштан бастап қолдануға болатынын дәлелдесе, А.Хазез бен А.Жанғабылова орта сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау қабілеттері едәуір жоғары дамығандығын айтып, сөздерін мысалдармен іс жүзінде көрсете білді.

Семинар тек сабақ үйретумен ғана шектелген жоқ, осы тақырыпта баяндамалар жасалды. Сонымен қатар, шараға қатысушылар мектепішілік «Жас қаламгер» үйірмесінің ашық сабағына қатысты.

Ұстаздар қауымы осындай іс-шараның көптеп ұйымдастырылуы - олардың шығармашылықтарын шыңдап, оқушылар дарынын дамытуға ықпал ететінін жеткізді.

 

Асен АМАНЖОЛ,

Ақсу қаласы, Қызылжар ауылы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30