Ақсу қаласының «Азамат» сауда үйінің алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда ет, сүт өнімдері, көкөністер мен жеміс-жидектер халыққа қолжетімді бағамен ұсынылды.
- Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - ақсулықтарға арзан бағамен өнім ұсыну арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру болып табылады, - деді қала әкімінің орынбасары Б.Ағжанов. Жәрмеңкеде картоп және сәбіз, қызылшаның келісі - 65, алма 220-250, сүттің бір литрі 75, жұмыртқаның ондығы 150 теңгеден сатылды. Сондай-ақ, ет, балық өнімдері де қолайлы бағамен босатылды. Ақсу қаласының әкімі О.Қайыргелдиновтің бастамасымен өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесі алдағы уақытта жалғасын таппақ.

