Жаяу Мұса атындағы колледжде Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімі мен облыстық ішкі істер басқармасының қолдауымен «Қазақстан студенттері Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің облыстық өкілеттігі және Ақсу ферроқорытпа зауытының жастар кеңесі ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Денсаулық марафонын» өткізді.
Шараның басты мақсаты жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, есірткіге қарсы тәрбие жұмыстарын күшейту, жастарды қоғамдық өмірге тарта отырып, бос уақыттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады. Студенттер төрт командаға бөлініп, спорттық шаралар мен ойындарға, түрлі тақырыптарға арналған тренингтерге қатысты. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Жаяу Мұса атындағы колледж оқушыларымен кездесу өткізіп, оқушы жастар мәселесіне қатысты бірқатар сауалдар төңірегінде өзара пікір алмасты.

