Ақсу қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде аталмыш оқу орнының үздік спортшыларының бірі болған марқұм Жандос Мұқышевті еске алуға арналған бокстан біріншілік өтті. Спорттық шараға Ақсу қаласының 1997-1999 жылдар аралығында туған жасөспірімдері қатысты. Біріншіліктің ашылу салтанатына қатысқан спорт мектебінің басшылығы жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Он бір салмақ түрі бойынша өткен дода қорытындысы бойынша Ж.Мұқышев, Д.Шаншаров, Н.Жүнісов, Д.Қамбаров, Е.Серіков, С.Жұманов, Н.Жұпаров, Д.Самратов, Б.Рамазанов, О.Байболат, К.Куриленко өз салмақтарында І орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Ерсін НҰРМАҒАМБЕТҰЛЫ.

