МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

Халыққа қызмет көрсету орталығы Ақсу қалалық филиалында мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту жұмыстарын енгізе отырып, оны кеңінен қолданысқа енгізу тақырыбында семинар өтті. Оған Ақсу қаласы прокурорының көмекшісі А.Баяндинов, №2 қазақ орта мектебі директорының орынбасары А.Шалабаева және қалалық мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Есжанова қатысты.

Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында халыққа қызмет көрсету орталығының атқарылып жатқан жұмысы жайлы мекеменің қазақ тілін оқыту инспекторы А.Жүкенова баяндады. Мекемеде мемлекеттік тілді оқыту бойынша үшінші жыл сабақ жүргізілуде. Жалпы қызметкерлер саны - 26. Оның 24-і қазақ, 1-уі орыс, 1-уі татар ұлтынан. Бес маман «Ойсана» мемлекеттік тілді оқыту орталығында мемлекеттік тілде білімін жетілдірді. Баяндамашының мәлімдеуінше, орталықта ақпараттық тұғырнамалар мен маңдайшалар, басқа да көрнекті ақпараттар екі тілде рәсімделген. Филиал қызметкерлері мемлекеттік тілде тестілеу жөніндегі ережеге сәйкес сынақтан өткен.

Айжан Есжанова мемлекеттік тілде іс жүргізіп отырған мекемелердің бірі ретінде жылжымайтын мүлік орталығын атады.

Жиын соңында операциялық залдың бастығы Г.Баяманова тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында мектепте өтетін іс-шараларға да қатысып тұру жөнінде ұсыныс жасады.

 

Ақбота СЕЙСЕНБАЕВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30