Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығының «Менің елім - Қазақстан» атты үгіт керуені Шарбақты ауданында гастрольдік сапармен болып қайтты. Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған керуен мүшелері Малиновка және Галкино ауылының тұрғындарына концерт берді.
Өнерпаздар қатарында ҚР мәдениет қайраткерлері Р.Ералисова, М.Байжұманов, Б.Шәнім, Д.Ұябай, К.Қарымсақов, облыстық және республикалық байқаулардың лауреаты Б.Жоламанов және «Томирис» үлгілі би ансамблінің бишілері болды.
Концерт соңында «өнер десе, ішер асын жерге қоятын» ауылдықтар орталық әртістеріне алғыстарын білдіріп, осындай кештер алдағы уақытта ұйымдастырылып тұрса деген ниеттерін білдірді.
А.ӘДІЛБЕК.

