Оқушылардың қаржылық сауаттылық және экономикадан базалық деңгейін қалыптастыру мақсатында Павлодар қаласының Алматы экономика және статистика академиясының филиалында экономика пәнінен VІ аймақтық турнир өткен болатын. Бұл турнир ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы және «Джуниор Эчивмент Қазақстан» қоғамдық қоры бірлесіп өткізген іс-шара.
Жуырда бұл шараның республикалық турнирі өтті. Оған Павлодар облысынан байқаудың аймақтық кезеңінде алғырлық танытқан үш оқушы қатысып келді. Қуантарлығы, олардың бәрі үлкен жетістікпен оралды. Атап айтар болсақ, Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Ердос Таев 3 орын алды. Ал Екібастұз қаласының мамандандырылған «Зерде» мектебінің 11 сынып оқушылары Сайлау Қуаныш 3 орынмен қатар Халықаралық бизнес академиясының білім грантын жеңіп алса, Айша Төлеубаева Еңбек және әлеуметтік қатынастар қазақ академиясының білім грантына ие болды.
Ақмарал МҰХАМЕТЖАНОВА,
«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері,
Павлодар қаласы.

