Игілікті істер көп

ҚалқаманАқсу қаласы ауылдық аймағындағы ірі елді мекен. Мұнда 3200 адам тұрады. Олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатымен соңғы кезде көптеген іс тындырылды. «Денсаулықзор байлық» дегендей, ауылда медициналық қызметті жақсарту шаралары жүзеге асуда. Мәселен, мұнда ауылдық учаскелік аурухана, медициналық жедел жәрдем беру бөлімшесі жұмыс істейді. Жоғары білімді дәрігерлермен бірге медбибілер халыққа қызмет көрсетуде.

Мәдениет саласында да оң өзгерістер бар. Мәдениет үйі өнерге үйренетін әрі дем алатын орынға айналды. Кітапхана есігі келем деушілерге әрдайым ашық.

Білім саласына тоқталсақ, орта мектеп, балалар үйі, балалар бақшасы бар. Дене шынықтырғысы келетін жандарға арнап спорттық-сауықтыру кешені жасалған.

Соңғы кезде кәсіпкерлікке қолдау ретінде жұмыстар жүргізілуде. Ауыл әкімі Жәнібек Байлаубай:

- Жуырда Қалқаман ауылында мал соятын орын ашылды. Мұнымен шектелмей, қасапхананы кеңейту жоспарланған. Ет қазір Павлодар мен Ақсу қалаларына жөнелтіледі. Алысқа тасымалдағанша етті ауыл ішінен сататын дүкен ашылмақ. Бұл істі «Садуақас» шаруашылығының басшысы Арман Шаяпиденұлы қолға алып отыр, - деді.

Ауыл әкімі елді мекенді тазарту, көріктендіру мәселесіне тоқталды. Мұнда бұрыннан қалып қойып, тазалаудың сәті түспей жүрген төрт үлкен үйінді болатын. Соның сәті енді түсіп, ауыл тазарып қалды. Үш КамАЗ, шынжыр табан трактор бұл жұмысқа қамтылып, 620 тонна көң-қоқыс сыртқа шығарылды. Ауылды көріктендіруде жастар өз үлестерін қосуда. Жаз айларында «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асырушы жастар көп іс тындырды. Олар әкімдіктің, мәдениет үйінің маңына 110 түп ағаш отырғызды. Ағаш түптерін әктеп, қоршауларды сырлады. Жол жөндеуде «Қалқаман-Коммунсервис» ұйымының көмегімен шұңқырлар бітеліп, тегістелді. Түн уағында көшелер жарық болсын деп, 15 электр шамы орнатылды.

- Қалқамандағы балалар үйінің жағдайы жақсы, дейді ауыл әкімі әңгімесін сабақтап. – Көп болып, атсалысып балаларға қамқорлық жасалуда. Ауыл мектебінде 382 оқушы алаңсыз білім алуда. Мектептегі денсаулығы төмен, аз қамтамасыз етілген отбасы балалары назардан тыс қалмай, оларға жәрдем берілуде. «Чайка» балабақшасы ата-аналардың жұмыс істеп, балаларын өсіріп, тәрбиелеуге жағдай жасауда.

Балабақша 1986 жылдан бері жұмыс істейді. Одан бері талай-талай бүлдіршін осында тәрбиеленіп, мектеп табалдырығын аттаған болатын. Бүгінде 95 бала тәрбиеленуде. Бес топтың бірі қазақ тілінде тәрбие алуда. Балабақшада үш компьютер, музыкалық орталық, теледидар, бейнемагнитофон, сандық камера бар. Балалар игілігіне жаңа жиһаздар берілген.

«Қылышын сүйретіп кәрі құдаң қыс келе жатыр» дегендейін, ауыл бүгінде қысқы жылыту маусымын толық әзірлікпен қарсы алуда. Көмірдің алды жеткізілді, соңы таяу уақытта тасылып бітеді.

Ауыл әкімі қалқамандықтар да биылғы «Қамқорлық» қайырымдылық айлығына белсене қатысып, саналылық танытқанын жеткізді. 501 зейнеткер болса, солардың барлығы қамқорлық құшағына бөленді. Оларды өздері бір кезде еңбек еткен ұжымдары мерекелік дастарқанға шақырып, сый-сияпат көрсетті.

- Біз айлықпен шектелмейміз, дейді ауыл әкімі. – Қайырымдылық шаралары жалғаса береді.

Қорыта айтқанда, Қалқаман ауылының бүгінгі тыныс-тіршілігі көңілдегідей болуда.

Б.БЕКЕНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31