МАҚСАТ – БАЙЛАНЫС АЯСЫН ДАМЫТУ

Құрамында Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья», «Регион.кгазеттерінің өкілдері мен «Аймақ айнасы» веб-порталының қызметкерлері және Павлодар қалалық 2 аурухананың кардиолог дәрігері Әсел Кенжекеева бар топ қараша айының 10-11 жұлдызында Ақтоғай ауданында жұмыс сапарымен болып қайтты. Олар Ақтоғай ауданының Қараоба, Мүткенов, Қожамжар, Приречинск, Жалаулы, Шолақсор, Жолболды, Басқамыс, Әуелбек, Барлыбай ауылдық округтеріндегі оқырмандармен кездесті.

 

Соңғы жылдары жаңаша қарқынмен алға басып келе жатқан Ақтоғай ауданының бүгінгі келбеті келісті. Аудан орталығынан шалғайда жатқан Шолақсор, Басқамыс, Қарақоға, Шұға, Жалаулы секілді ауылдардың да тыныс-тіршілігі көңіл көншітерліктей. Ақтоғай ауданынан жүз шақырымдай қашықтықта жатқан Басқамыс ауылдық округінің тұрғындары бүгінгі тұрмыстарына шүкіршілік етеді. 300-ге тарта тұрғыны бар ауылдық округте биылдан бастап «Балдырған» шағын орталығы ашылып, тұрғындарға таза су ұсынатын құдық іске қосылды. Бүгінгі таңда «Балдырған» шағын орталығында 9 бала тәрбиеленуде. Күніне алты сағат бойы орталықта ойнап, серуендейтін бүлдіршіндер екі мезгіл тамақтанады. Округ басшысы Сержан Нұрлықайымовтың айтуынша, шағын орталықтағы бүлдіршіндерге арналып 15 төсек-орын және балаларға арналған дәретхана дайындалған. Енді төсек-орындарды жууға арналған кір машинасын тосып отыр. Содан кейін балалар толықтай бір күнін осында өткізетінін жеткізді. Қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдың тұрғындарын имандылық жолына бастайтын Алла үйі - Басқамыстың басты мақтанышы. Осы ауылдан түлеп ұшқан аптал азамат Серікбай Бояубаев өз қаражатына салдырған «Жантемір» мешітіжамағатты ізгілік жолына бастайтын рухани орда. Бар ғұмырын Алла Тағаланың ақ жолына арнаған Сопаш ақсақал ауылдың тұрмысымен танысуға келген журналистер қауымына ақ батасын берді. Жазғы демалыс уақыттарында Алла үйіне Мәшһүр-Жүсіп орталық мешітінен ұстаздар келіп, жас жеткіншектерге діни дәріс оқытады. Биыл діни оқуға деген ынтасы жоғары балалар орталық мешіттің атынан ел ордасы Астанада демалып қайтты.

Басқамыс ауылдық округіне қарасты Қарақоға ауылында да игі істер баршылық. Шағын ғана елді мекеннің негізгі мектебінде 19 бала білім алады. Бала саны аз болғанымен, олардың білім алуға деген мүмкіншілігі жоғары. Себебі, білім ордасының барлық компьютерлері интернет желісіне қосылған. Сабақ жүргізуге қажетті мәліметтерді ешқайда бармай-ақ интернеттен алуға мүмкіндік бар дейді ұстаздар қауымы. Мұндағы халықтың басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл адамдарының айтуынша, алдағы қаһарлы қысқа дайындық жұмыстары ойдағыдай аяқталған. Тұрғындар жем-шөптерін қамдап, отын-суларын тасып алыпты. Бір өкініштісі, аудан орталығынан шалғайда ораласқан ауыл адамдарын жол мәселесі қинайды. Жаңбыр жауса езіліп, боран соқса бекіп қалатын жолдарды ретке келтірсе дейді тұрғындар. Сондай-ақ, ауылда ара-тұра электр желісі де сөніп қалады екен және ауыл адамдары ауыз су мәселесі алдағы уақытта оң шешімін табатынына сенеді.

Жолболды ауылдық округіне қарасты Шұға ауылындағы Қ.Шаяхметов атындағы орта мектептің оқушылары мен ұстаздар қауымы облыстық басылымдарға жыл сайын жазылып тұрады. Мектеп оқушылары әсіресе «Сарыарқа самалы» газетінің «ЖАС тimes» және «Айналайын» қосымшаларын сүйіп оқиды. Ал аталған газет қосымшаларын күнделікті сабаққа көркемдік құрал ретінде пайдаланатын ұстаздар «газеттен көптеген жаңалықтарды оқып, жер-жаһанда болып жатқан істерден хабардар боламыз» дейді. Елуден аса оқушысы бар мектепте биылдан бастап бокс секциясы жұмыс істейді. Оннан аса бала үйірмеге қатысады. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері боксқа деген құлшынысы жоғары, спортқа икемі бар балаларды жарыстарға апаратындарын алға тартты. Ауыл адамдарының өмірге деген құлышыныстары ерекше. Оны тұрғындардың интернет желісі арқылы айналада болып жатқан жаңалықтарды жиі оқып тұратындығынан аңғаруға болады. Ара қашықтықтары жақын орналасқан Басқамыс, Қарақоға, Шұға ауылдары тұрғындарының илегені - бір терінің пұшпағы. Олжол мәселесі. Жұмасына екі рет аудан орталығына қатынайтын шағын автобус аталған үш ауылдың тұрғындарына көп жағдай жасап отыр. Тек жаңбырдан жол езіліп, бораннан бекіген жағдайда ауылдан шыға алмайтын да кездер болады дейді тұрғындар. Дегенмен, ұзақ жылдар бойы темір тұлпарды өміріне серік еткен Егінбай Сейілхановқа ауыл адамдарының айтар алғысы шексіз.

Ақтоғай ауданындағы ең шалғайда орналасқан Шолақсор ауылы тұрғындарының да тыныс-тіршілігі ойдағыдай әрі ауыл келбеті келісті. 600-ден аса тұрғыны бар Шолақсор ауылындағы мәдениет үйі ауылдың көркін асырып тұр. Мұнда спорт және өнер үйірмелері жұмыс істейді. Сондай-ақ, беларусь мәдени орталығы да өз жұмысын жемісті атқарып келеді. Қазақ ұлттық қолөнер үйірмесі мен «Әдемі-ау» вокалды тобының жетекшісі Сәуле Қамшина - қазақы салт-дәстүрлерді айрықша дәріптеп жүрген жандардың бірі. Шолақсор мәдениет үйінде кітап қоры 15 мыңнан асатын кітапхана жұмыс істейді. Жиырма жылдық ғұмырын сүйікті ісіне арнаған Қайырпану Исекеева тұрғындарды рухани азықпен қамтамсыз етіп, ауыл адамдарының ризашылығына бөленуде. Ауылдық кітапхана 11 облыстық және республикалық газетке, сегіз журналға үнемі жазылып отырады. Шолақсор ауылы әкімінің міндетін атқарушы Азамат Байбахиннің айтуына қарағанда тұрғындар қытымыр қысқа толықтай дайын.

Ақтоғай ауданының әкімдігінде Павлодар облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасына қарасты «Аналитикалық ақпарат орталығының», Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья», «Регион.кz» газеттерінің басшылығы, сондай-ақ «Аймақ айнасы» веб-порталының қызметкерлері аудан активімен кездесті. Жиынға Ақтоғай аудан әкімі аппаратының басшысы Шаяхмет Сәдуақасов, аудандық мәслихаттың хатшысы Төлеутай Мұқанов, ауылдық округтердің әкімдері, бөлімдердің басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Меймандарды құшақ жая қарсы алған ақтоғайлықтар аудандағы игі жаңалықтармен бөлісті. Басқосуда жоғарыда аталған облыстық баслымдарға жиі жазылып, мақалаларын үнемі жариялап отыратын белсенді оқырмандар мен авторларға құрмет көрсетілді. Мүткенов атындағы ортамектептің 2 сыныбында білім алатын Жұлдыз Қабылденова «Сарыарқа самалы» газеті «Айналайын» қосымшасының белсенді авторы әрі сүйікті оқырманы. Өзі құрастырған өтірік өлеңдері мен сөзжұмбақтарын облыстық басылмға жиі жариялап тұратын Жұлдыз «Айналайын» қосымшасында шығатын тыйым сөздерді жаттап, сөзжұмбақтарды шешкенді ұнатамын дейді. Облыстық «Сарыарқа самалы» газетіне 50 жылдан аса уақыт бойы жазылып келе жатқан Еркін Мундинов сүйікті газетіне әлі де жазылатынын жеткізді. Актив жиналысынан кейін Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапханасында ауылдық округ әкімдерінің, мемлекеттік органдар басшыларының, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен диалогтық кездесу өтті. Мұнда жиналғандар облыстық басылымдар туралы ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

Павлодар қалалық №2 аурухананың кордиолог маманы Шолақсор, Жалаулы және аудан орталығында болып, 50 шақты адамды қабылдады. Ақ желеңді абзал жанның мұндай игі қызметіне риза болған тұрғындар Әсел Кенжекееваға ризашылықтарын білдірді. Қуанарлығы, ауыл адамдары «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» «Регион.кz» басылымдарымен Павлодар қалалық №2 аурухананың бірлесіп жасаған «Денсаулықжобасын ерекше құлшыныспен оқиды.

P.S Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерін аралаған газетіміздің тілішілері дайындаған мақалаларды баслымның алдағы сандарынан толығырақ оқи аласыздар.

 

Фархат ӘМІРЕНОВ,

Ақтоғай ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30