ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР...

Нарық заманы келген тұста ауылдың тұрмысы нашарлап кеткені белгілі. Бүгінде Елбасының нәтижелі реформаларының арқасында алтын бесігіміз қайтадан бас көтеріп, заман көшіне ілесті. Ақтоғай ауданының Әуелбек ауылы (бұрынғы Қазанның 25 жылдығы атындағы кеңшар) - кезінде төскейде төрт түлік малын өргізген мықты шаруашылық болатын. Бұл ауыл да тоқсаныншы жылдары ауыр кезеңді бастан кешірді. Сол уақытта қалаға қоныс аудармай, атамекенде қалған азаматтар бүгінде қолдарынан келетін кәсіптерімен айналысуда. Сөйтіп, мемлекетке қол жаймай, өз күндерін өздері көруде.

Кезінде осы ауылда Қамариден Кенжебаев деген ақсақал ауданда алғаш болып Алла үйін ашуға атсалысқан еді. Ұрпағының болашағын ойлаған үлкендер ақылдасып, Қайрат Дәндәнұлы деген жас жігітті діни оқуға жіберді. Кейін ол Әуелбек мешітінде жамағатқа уағыз айтып, қызмет етті. Бүгінде сол иманды ісі ел есінде сақталған ақсақалдың орнын ұлы Бектемір басқан. Әкесі өнегесін бойына сіңіріп өскен оған бүгінде ауыл адамдары жылқыларын сеніп тапсырған. Жастайынан жылқы табиғатын білетін ол қысы-жазы қырға шығады. Осылайша ауыл азаматы елге қызмет етіп, еңбегінің жемісін теруде. Айтайын дегенім, осындай еңбекқорлық таныта білсе, ауылдағы кез-келген адам тұрмысын түзеп, ешкімнің көмегінсіз-ақ отбасын асырай алады.

Т.АХМЕТҰЛЫ,

Ақтоғай ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30