Жаңа астықты қабылдауға дайынбыз ба?

 

    Облыс аумағында астықты сақтап, әрі өңдейтін тоғыз ірі кәсіпорын (элеватор) бар. Олар биылғы егін орағының астығын қабылдауға және өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтауға әзір ме? Осы мәселеге жауап іздестірген облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі басқармасы өткен мамыр және маусым айларында элеваторлардың дайындығын тексерді.

    Тексеру нәтижелері бойынша актілер жасалды. Кәсіпорындар анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұйымдық-техникалық шараларды әзірледі.

     Жекелеген кәсіпорындар жарылыс қаупі бар нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін жеткілікті шешпеген. Бұған қаржылық және материалдық құралдар жетіспеушілігі себеп болған.

     Осы себеппен өткен ғасырдың 50-60 жылдары салынған элеваторлар мен астық қабылдау орындарының әбден ескірген ғимараттары мен құрал-жабдықтарын жөндеу, қайта салып, жарақтандыру мүмкін болмауда.

     Жарылыс қаупі бар нысандарды тексеруде жиі кездескен кемшіліктерге тоқталсақ, бұлар – жұмысқа арнайы оқытылмаған және аттестациядан өткізілмеген қызметшілерді жұмысқа жіберу, өндірістік үйлерде шаңды дер кезінде сүртіп алмау, құрал-жабдық жұмысын бақылайтын тетіктер жетіспеушілігі.

     Технологиялық жабдықтарды, аспаптар мен қауіпсіздік құралдарын сапалы жөндеп, қызмет ету үшін қосалқы бөлшектердің болмауы, орталықтандырылған жабдықтау мен сервистік қызметтің көрсетілмеуі де іске бөгет жасайды. Десек те ұйымдық-техникалық шаралардың белгілі бір көлемі атқарылғанын айту керек. Мәселен, ҚР аумағында қолданылатын мемлекеттік стандарттау, норма мен нұсқау ережелері бар. Жұмыскерлер астық өнімдері саласындағы нормативтік-техникалық құжаттамалармен, техника қауіпсіздігі ережелерімен қамтамасыз етілген. Жарылыстан қорғау төлқұжаттары, аварияны жою жоспары жасалып, бекітілген. Отқа байланысты жұмыстар қатаң бақылауға алынған. Дәнекерлеу аппаратына бөлінген, құлып салынған арнаулы орын бар.

    Жарылыстан қорғау қызметі талап деңгейінде ұйымдастырылды. Отқа тосқауыл шаралары ұйымдастырылған. Астық кептірудің техникалық жайы қанағаттанарлық, пеш жағу үрдісі автоматтандырылып, барлық жабдықтар өрттің алдын алу мақсатымен техникалық шаралармен қамтамасыз етілген. Автомобильден жүк түсіруде сақтандыру жүйесі қолданылады. Бұларға жарық орнатылған, дыбыс сигналдарымен жарақтандырылған, аспирациялық жабдықтардың жайы мен тиімді жұмыс істеуі үшін жауапты адамдар бұйрықпен бекітілген, аспирациялық жабдықтар жұмыс істеп тұр. Астық температурасын бақылау талап деңгейінде.

     Әзірге бірде-бір элеватордың жаңа астықты қабылдауға дайындығы бекітілген емес. Облыс элеваторлары өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен ережесіне сәйкес әзірлік жұмыстарын жүргізуде.

 

К.ҚАДЫРАҚАНОВА,

мемлекеттік инспектор.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31