ТРАВЯНКА АУЫЛЫНА – 100 ЖЫЛ

 

 Кіндігіңнің жас қаны тамған жер қайда болса да ыстық, қасиетті де қастерлі, оған деген махаббат көкейде сағыныштың сары алтын жапырақтарымен құндақталып, мәңгі сақталатыны даусыз. Алтын бесік – туған өңір  сағындырады, туған Отаның аңсаттырады. Көксейсің, көруге құстай ұшып асығасың. Өйткені ол - сенің тұңғыш рет жарық дүние есігін ашып, бұл фәниге енген мекенің.

Туған жердің ғасыр тойын тойлағанға не жетсін, шіркін! Успенка ауданына қарасты Травянка ауылы өзінің 100 жылдығын атап өтті. Өткен аптаның сенбісінде 24 ауласы бар шағын ауылдың тұрғындары бұл мерейтойды ерекше қарсы алды.

Ауылдың орталық алаңында  әдемі безендірілген сахна төрі, киіз үйлер, көрермендерге арнайы қойылған орындықтар, сауда нүктелері ұйымдастырылған. «Ән - көңілдің ажары» демекші, әуелеген саз әуендері ойнап, жиналған жұрттың көңіліне қуаныш ұялатты. Айтулы мерекеге орай «На вернисаже как-то раз...» атты сурет көрмесі де ұйымдастырылды.

Тарихы және мәдениетімен ерекшеленіп отырған ата қоныс - ауылды соңынан  ерген ұрпағына мирас етіп қалдырған қарияларға бас иіп, алғыс білдіруге жан-жақтан балалары, туыстары және басқа да қонақтар аз болған жоқ. Думанға толы кешті  бастамас бұрын дәстүрлі шашу шашылды. Жүргізушілер той төріне құрметті қонақтар шақырды. Алғашқы құттықтау сөз Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі Қ..Айбасовқа берілді. Жылы лебіздер жалғасын іліп әкеткен Успен ауданының әкім орынбасары А.Дисюпова, мәслихат хатшысы Т.Байғожинов, Ковалев ауылдық округінен сайланған депутаты А.Жураковский, Успен ауылдық округінің әкімі С.Саламацкий, Ковалев ауылдық округінің әкімі Д.Құлжанов, ұйымдастырушы комитеттің төрағасы А.Бодылевский және осы ауылдың сыйлы зейнеткерлерінің бірі В.Лола жерлестеріне жүрекжарды тілектерін жаудырды. Салтанатты жиын жалғасын тауып, келесі кезекте ортаға шақырылған көп балалы ана Шәпи Зайырқызы Әбелдиноваға «Күміс алқаны» аудан әкімінің орынбасары Альмира Дюсипова ұсынды. Көптеген грамоталармен марапатталды. 

      Шағын ауылдың тұрғындары әртістермен бірігіп ән айтып, би биледі. Кезінде Травянка ауылында 130 аула, 840 тұрғыны болған екен, ал қазір 24 аула ғана бар. Соған қарамастан ауыл тіршілігін жойған емес, бұл күні төрт ірі шаруа қожалығы және шағын шаруашылық, фермерлері бар. Жоғарыда айтқанымыздай осы мерейтойға арнайы үш киіз үй тігілген, оны осы ауылдың тұрғындары мен қонақтары өз еріктерімен тіккен және қой сойып, мол дастарқан жайды. Олар: Мұхамедияровтар, Саниязовтар әулеті және Қозыкеткен ауылдық округінің әкімшілігі.

Тойдың сәнін қазақша күрес, гір тасын көтеру және армрестлинг сияқты ойындары келтірді.  Жеңімпаздарға арнайы грамоталар, сыйлықтар табысталды.

       Мерекелік шара аяқталғаннан соң жиналған қауым ат жарысы өтетін алаңға қарай бет алды. Бәйгеге Успеннің, Травянканың, Белоусовканың, Қозыкеткен мен Қоңырөзек ауылдарының мықты деген сәйгүлігі қатысты. Бәйге аттар 9, 6 және 3 шақырымға шапты. 9 шақырымға шапқандар арасынан  успендік Т.Бектеміровтің тұлпары бас жүлде – бұзауды қанжығасына байлады, екінші орынды - Х.Евлоевтың, үшінші орынды Д.Сейтқазиновтың тұлпары иеленді.  6 км шапқандар арасынан бірінші болып  Т.Бектеміровтің сәйгүлігі келсе, 2-орында – Х.Евлоевтың, 3-орынды Ж.Шармановтың тұлпары ұтып алды. Ал  3 шақырымға шапқан бәйгеден бірінші болып – Х.Евлоевтың тұлпары мәре сызығын қиды. 2-орын  А.Бауэрдың, жылқысы, 3-орынды А.Испуловтың тұлпары алды.

Айнұр ОРЫНБАЙҚЫЗЫ

Успенка ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31