Төртүй ауылындағы сәулетті үйдің сол жақ қанатына жергілікті әкімшілік орналасқан. Жуырда ол күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай жабдықталды. Осындағы бос тұрған екі бөлменің біріне кітапхана көшіріліп, көпшілікті қуантты. Ал екінші бөлмеге пошта бөлімшесі қоныс тепті. Үйдің оң қанатындағы дәрігерлік амбулатория ішінен дәріхана ашылып, сырқаттанған жұрт енді қалаға дәрі іздеп жүгірмейтін болды.
Қайролла ДҮЙСЕНБАЕВ,
Екібастұз қаласына қарасты
Төртүй ауылы.

