ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманқос Өтегенов жақында Баянауыл ауданында болды. Халық қалаулысы аудан орталығының тұрғындарымен кездесті. Кездесу кезінде жұртшылық тарапынан тұрғын үй, балабақша, емхана және «Жол картасына» қатысты бірқатар сауалдар қойылды. Айтылған мәселелерді асықпай тыңдап, оның кейбірін қойын дәптеріне түртіп алған депутат мәселелердің оң шешілуіне ықпал жасап, тиісті орындарға жолдайтындығын, нәтижелерін қадағалайтындығын жеткізді.

      «Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекетте ірі жобалар жүзеге асырылуда, - деді А.Өтегенов. – Бұл уақыт өткен сайын жаңа кезеңге, жаңа дәуірге аяқ басып келе жатқанымызды көрсетеді. Тағы бір атап өтер үлкен жетістік, биыл ЕҚЫҰ төрағалығына қол жеткіздік. Осындай ірі халықаралық ұйымға басшылық ету  Қазақстаннан зор жауапкершілікті талап етіп, маңызды міндеттер жүктейтіні сөзсіз. Еліміздегі ынтымақтастық пен тұрақтылық бұл міндеттерді абы­роймен атқарып шығуға мүмкіндік береді».

      Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Е.Айткенов халық қалаулысына уақыт тауып, аудан жұртшылығымен кездесу өткізгені үшін көпшілік атынан алғысын айтты.

 

Айнұр ҚУАТҚЫЗЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31