СУҒА ЗӘРУЛІК ШЕШІЛДІ

Екібастұз өңіріндегі Қуандық, Жақсыат сияқты шағын елді мекен тұрғындарының сапалы ауыз суға мұқтаждығы туралы айтылып келе жатқанына біраз болды. Таяу күндері екі ауыл да орталықтан су тасымалдайтын бөшкеге қол жеткізіп, ел еңсесі бір көтеріліп қалды. Әрқайсысы 1 млн. 644 мың теңгеге сатылып алынған сыйымдылығы 3 тонналық бес бөшке Өлеңті, Комсомол, Сарықамыс, Әлкей Марғұлан ауылдарына жеткізілді.  

Бұл бөшкелер әр ауылдағы жергілікті әкімге қарайтын тракторларға тіркеледі. Сарықамыс ауылдық округінің тракторшысы Мырзайым Смағұловты сөзге тартқанымызда, ол Қуандық ауылына суды Сарықамыстың орталығындағы КБМ-нен тасып, әр флягын 30 теңгеден құятынын айтты. Бұл ақша КБМ-ді ұстау мен су тасушының еңбегіне ұсталып, жанар-жағармай шығынын жаппақ.

Жалпы, жаз өрт қауіпті мезгіл болғандықтан, мұндай бөшке қай ауылға болсын керек-ақ. Былтыр өңіріміздегі ауыл жұрты дала өртімен қалай алысқанын ұмыта қойғамыз жоқ, биыл да ерікті өрт сөндірушілер мұндай келеңсіздіктердің алдын алуға сақадай сай отыр. Олай болса, бұл су таратқыштардың алда игілігі мол болмақ.

Комсомол ауылының әкімі Ержан Сағынтаев: «Жылда дала өрті кезінде бейнет көруші едік. Қаладан өрт сөндіретін машина келгенше дегбіріміз қалмайтын. Мына бөшке енді бізге үлкен көмек болады»,- деп, қуанышын жасырмады.

Қала әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Нұрлан Күлжан сусорғыш, сусепкіш, басқа да заманауи құрылғылары бар мұндай бөшке келер жылы қалған ауылдарға да берілетінін айтты.

 Жанаргүл ҚАДЫРОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30