Ертіс ауданында қыс маусымына мал азығын дайындау жұмыстары басталды. Өкінішке қарай, жаздың алғашқы айларының жаңбырсыз болуы көп жылдық екпе шөптердің уақытында көтерілмей қалуына себеп болды. Осыған байланысты мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылық құрылымдары қырдың шөбін шабуға мәжбүр. Солардың бірі - «Ертіс ТШ» ЖШС. Қыс мезгіліндегі малдың тоқтығын ойлаған аталмыш шаруашылық басшысы бүгінде қырдың шөбін шабуға кірісіп кетті. Себебі жоғарыда аталған екпе шөптің өнімділігі гектарына 1,2 центнерден аспай отыр. Шығыны көп, нәтижесі жоқ.
Қазіргі кезде 370 гектар алқаптың шөбі шабылып, 107,3 тонна шөп мал қыстығына жеткізілді. Өнім гектарынан 2,9 центнерден айналуда. Шаруашылық тіркемелі арнайы қондырғымен 5200 гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстарын аяқтады.
С.МӘНЕНҰЛЫ,
Ертіс ауданы.

