ЕҢБЕК ТҮБІ - БЕРЕКЕ

Кешегі аумалы–төкпелі кезеңде талан-таражға түсіп, тоз-тозы шыққан ауылдардың тағдырын сақтап қалу оңайға соқпағаны анық. Осы күні жұрт реформалау деп атап кеткен нарықтық экономикаға өту кеңестік «ортақ қазынадан» күнелтіп, сол үшін еңбек еткен ауылдықтарды алғашында тығырыққа тіреді. Тоқсаныншы жылдардың басында өз алдына жер алып, жеке шыққан кейбір шаруалардың қолында он шақты қой мен бірді-екілі жылқыдан басқа төрт тұяқтының болмағаны рас. Қиындыққа төтеп беріп, күрмеулі істерді өз бетінше шешіп үйренген шаруақор ағайындар бүгінде отарлап қой, табындап жылқы бағып отыр. Өңіріміздегі сондай еті тірі азаматтардың бірі – бүгінде ақсақалдық жасқа жеткен Әміртай Баймағанбетов.

 

Әміртай аға ел жаппай жұмыссыз қалған кезеңде ауылда алғашқылардын бірі болып жер алып, жеке шаруа қожалығын құрды. Кеңес өкіметі құлаған тұста ол Баянауыл ауданына қарасты Баянауыл кеңшарының директоры еді. Бұл кеңшарды білдей жиырма жыл  басқарды. Нарықтық заман келіп, аудан ауылдық округтерге бөлінгенде, ол басқарушылық қызметтен біржола қол үзді.  Көп жылдық тәжірибесі бар әрі қолынан іс келетін азамат қалайда бір тірлік жасау керектігін білді. Бала-шағасымен бірге шаруа қожалығын құрып,  7-8 жылда қолға алған ісін дөңгелетіп әкетті. Ауыл ғана емес, аудан көлеміндегі ірі шаруа қожалықтарының бірі болып, қазіргі кезде өзінің орнықты өрнегі мен еңбек таңбасы бар шаруа қожалығы атанып отырған жайы бар.

Мұрат АЯҒАНОВ,

Баянауыл ауданы,

Ақсаң ауылдық округі.

 

 

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 28 маусымдағы номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30