Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тозуға ұшырап, нарықтың ауыр жүгі белін қайыстырған қазақтың «алтын бесігі» – ауылдық аймақ соңғы жылдары қайта дамуға бет бұрған. Бұл да болса егемендіктің, азат елдіктің жемісі екендігі айқын. Еңсесін тіктеген елді мекендерді көрген сайын «шүкір» дейсің.
Ежелден құтты өлке саналатын киелі Баянауыл жері облыстың әлеуметтік-экономикалық өмірінде маңызды орынға ие. Ауданда қазіргі таңда игілікті істер көптеп жүзеге асып, халықтың әл-ауқатын арттыру тұрғысында ауқымды шаралар атқарылуда. Ауыл-аймақты мемлекет тарапынан қолдау шаралары еселей түскені себепті өңірде ауыл шаруашылығы ауқымды түрде дамытылуда. Көрікті аймақта атқарылып жатқан айшықты істермен, игі бастамалармен кеңірек танысу мақсатында аталмыш ауданның әкімі Ернұр Нұрмұханұлы Айткеновпен әңгімелескен болатынбыз.
Сұхбаттасқан - Мұрат АЯҒАНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 11 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

