ҒИМАРАТ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

 

      Успен ауданы Лозов ауылдық округінде бұрынғы асхана ғимараты сақталып қалған еді. Биыл аталмыш ғимаратқа Лозов ауылдық округінің аппараты қоныс аударды. Ауыл тұрғындары ғимаратқа байланысты өткен арнайы жиналыста бір шешімге келіп, өз көмектерін көрсететіндерін айтты. Әкім ғимараттың жөндеу жұмыстарын өз қолына алды. Қазіргі уақытта ғимаратқа жылыту пеші орнатылып, төбесі жөнделді. Ғимараттың ішкі қабырғалары тегістелді. Жұмыс әлі де жалғасын табады. Ғимаратты қалпына келтіруді жұмыспен қамту бөліміне тіркелген азаматтар атқарып жүр. Сонымен қатар, ауыл жолдарын жөндеу шаралары да қолға алынды.
Биыл ауылымыздағы «Елена» шаруа қожалығы өзінің жылыжайында көкөніс көшеттерін өсіріп, ауыл тұрғындарына арзан бағамен сатуда. Сонымен қатар осы елдімекеннің және көршілес ауылдардың тұрғындары осы шаруа қожалығынан 3000 қаз бен үйрек балапандарын қол жетімді бағамен сатып алған болатын.

Айнұр ОРЫНБАЙҚЫЗЫ.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30