Өркендеген ауыл – гүлденген Қазақстан!
Облыстық «Сарыарқа самалы» газеті жаңа жобаны қолға алды. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылында елмен бірге көркейіп, ерекше даму жолына түскен, өркендеген ауылдық елді мекендерді газет беті арқылы насихаттау мақсатымен
«Өркендеген ауыл – гүлденген Қазақстан» айдарының тұсауын кесіп отырмыз. Газет журналистері өңірімізге жетістіктерімен танылған, тұрғылықты халқының тұрмысы тәуір, әлеуметтік саласында айшықты істер мол елді мекендерді аралап, оқырмандарға таныстыруды мақсат етуде. «Ауыл – қазақтың күретамыры» демекші, ауылдағы ағайынның ырысы артып, дәулеті тасып жатқанын 20 жылда жеткен табыстардың негізгісіне балаймыз. Алғашқы айдарда Ақтоғай ауданына қарасты Андриановка ауылы жайлы әңгімелекпіз.
Данияр ЖҰМАДІЛОВ,
Ақтоғай ауданы, Андриановка ауылы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 8 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

