Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ертіс ауданында болды. Астықты өлке тұрғындарының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысқан аймақ басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне оң бағасын берді. Аудан әкімі Владимир Левченкомен бірге бірқатар ауылдарды аралап, өңірде қолға алынып жатқан игілікті бастамалардың куәсі болды. Мысалы, ауданның бірнеше елді мекенінде жаңадан тұрғын үйлер бой көтеруде. Сондай-ақ, мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Биыл егін шығымы да жақсы. Шаруалар қазірдің өзінде астық жинау науқанына қызу кіріскен.
Данияр ЖҰМАДІЛОВ,
Ертіс ауданы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 10 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

