Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен, ерте заманнан жылқының адам үшін атқаратын қызметі жоғары бағаланатын. Қазақ - жылқыны ерекше баптап, бие сауып, қымыз даярлаған халық. «Арудан асқан жан бар ма? Жылқыдан асқан мал бар ма? Биенің сүті – сары бал, қымыздан асқан дәм бар ма?» деп тегін айтпаса керек. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген де - осы қымыз. Сондықтан, төл сусынымызды төрге шығару - біз үшін міндет. Бүгінде дәл осы шаруа облысымызда Лебяжі ауданы, Қазы ауылындағы «Алтай» шаруа қожалығында, кәсіпкер Сәтпек Мукиннің белсенділігімен жүзеге асуда.
Данияр ЖҰМАДІЛОВ,
Лебяжі ауданы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 20 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)


