ӨткенаптадаПавлодароблысыауылжастарыныңІІІфорумыөтті. Шарбақтыауданының«Леснаясказка» демалысорнындаұйымдастырылғанайтулышараЕртістіңПавлодарөңірініңжүзденастамжігерліұл-қызыныңбасынбіріктірді.
Басқосу ауылдық жерлердегі көкірегі ояу, ел болашағына бей-жай қарамайтын жастарды бір арнаға тоғыстыру арқылы ортақ мәселелерді шешіп, олардың азаматтық белсенділігін арттыруға жақсы мүмкіндіктер туғызды.
Бүгінгіжастардыңқоғамдааларорныерекше. Соғанорай, алғырдапарасаттыжастардыңмемлекет, қоғамөмірінебелсенеараласуы- уақыттыңталабы. Жастарсаясатымәселелерініңжиісөзболуыдаорындықұбылыс.
Ауылжастарыныңөмірінденендейөзгерістербар? Жастармен қандай игі істер атқарылды? Оларды қандай мәселелер алаңдатуда? Бұл сауалдар облыстық форум барысында талқыланып, жас буын өкілдеріне қатысты келелі мәселелерді шешу жолдары пысықталды. Аталмыш шараны ұйымдастырушылар қатарындағы облыс бойынша «Ауыл жастарының Одағы» корпоративтік қорының директоры Серік Жартыбаевтың айтуынша, өткен жылғы басқосуда жастар тарапынан көтерілген баспанаға қатысты мәселені шешу талпыныстары оң нәтиже берді. «Ауыл жастарының өткен форумында бірқатар өзекті мәселелер көтерілген болатын. Солардың бірі – ауылдық жерде жұмыс істеуге білікті жас мамандарды тарту ісінің жеткіліксіз деңгейде болуы. Осының барлығы жас буын өкілдері арасында үгіт-насихат жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі салдарынан туындағаны түсінікті. Сонымен қатар, еңбек жолын ауылдан бастайтын замандастарымызды баспанамен қамтуға арналған 630 айлық-есептік көрсеткіш (АЕК) көлеміндегі қаржының жеткіліксіз екені де рас. Осы мақсатта өткен жылы әр ауданның әкімдері облыс орталығындағы үш жоғары оқу орындарының түлектерімен кездесулер өткізді. Ұйымдастырылған қырыққа жуық маңызды кездесулер нәтижесін берді деп ауыз толтырып айтуға болады», - дейді ол. Айта кетерлігі, былтырғы Павлодар облысы бойынша өткізілген ауыл жастары форумының қорытындылары Шығыс Қазақстан облысында өткен «Рауан» съезінде жарияланған екен. С.Жартыбаевтың сөзіне қарағанда, аталмыш шарада 630 АЕК-ті одан әрі арттыру мәселесі көтерілген. Нәтижесі болмай қалған жоқ. Бүгінгі таңда оның көлемі 1500 АЕК-ке, яғни 16 мың АҚШ долларына дейін артты.
Жасыл желекті «Лесная сказка» демалыс орны қатысушыларды құшақ жая қарсы алды. Ауыл жастары «Жастар ортасындағы діни экстремизмнің алдын алу», «Ауылдық елді мекендерде жастар бизнесін қолдау және оны құрудың механизмдері» және «Жастар кадрлық резерві» атты тақырыптық секцияларға қатысып, пайдалы ақпараттарға қанық болды. Қоғамдағы түрлі салалардың қозғаушы күші болып табылатын жас буын өкілдерінің түрлі діни ағымдарға бой ұруы – жиі кездесетін құбылыс екені рас. Осындай өзекті, әрі маңызды мәселе «Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу» атты секциясында талқыланды. Аталмыш тақырыпқа арналған көркем фильмді тамашалағаннан соң жастар қауымы Павлодар облыстық дін істері жөніндегі департаменттің бас маманы С.Күлжібаевтың мәнді әңгімесіне құлақ түріп, қызықтырған сұрақтарына тұшымды жауаптар алды. Ал «Жастар кадрлық резерві» атты бірегей жоба жайлы аталған жобаға қатысқан Т.Бобровичная айтып берді.
Алғашқы күннің екінші бөлігі қызықты сәттерге толы болды. Қатысушылардың барлығы ортақ секция жұмысына жұмылдырылды. «Жастар жобаларының фандайзингі» атты секцияда өз ісін бастауға ниеттенген ұл-қыздар үшін пайдалы кеңестер айтылды. Мәселен, жеке ісін бастау барысында мемлекеттік органдармен қарым-қатынас орнату, несие алу шарттары және тағы басқа жайттарға қатысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау ұсынылды. Қатысқандар арасында шағын кәсіпкерлікпен айналысып жүрген жастардың көптігі байқалды. Солардың бірі - Лебяжі ауданы жастары делегациясының мүшесі Индира Теміржанова. Студенттік шағынан кәсіпкерлікпен айналысуды мақсат еткен ол бүгінгі күні өзінің жеке ісін дөңгелетуде. Сонымен қатар, аудандағы қоғамдық істерге белсене қатысады. «Қазіргі кезде кез келген салада жастарға жол ашық. Тамаша мүмкіндіктер жасалуда. Қоғамдық іспен айналысасың ба, жеке ісіңді бастайсың ба - өз еркің. Бұны – бірінші кезекте ел Тәуелсіздігінің жемісі деп білемін», - дейді Индира Тоқпанқызы. И.Теміржанова, сонымен қатар, Лебяжі ауданындағы жастардың тыныс-тіршілігі туралы айтып өтті. Оның айтуынша, Лебяжі ауданында төрт мыңнан астам жас бар. Олардың басым бөлігі «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты мен екі жыл бұрын құрылған «Ел үміті» бірлестігінің өкілдері болып табылады. Секция барысында «Ел үміті» жастар бірлестігінің төрағасы Мадияр Иманханов аудан жастарының басты ерекшелігі – олардың біртұтастығында екенін жеткізді. Баянауылдық Ботагөз Радикова да - белсенді жастардың қатарынан көрінді. Ол - Бірлік ауылындағы «Мерей» жиһаз фабрикасының қызметкері. «Қарапайым жиһаз фабрикасының жұмыскері болғаныммен, ауылым мен ауданда өтетін қоғамдық жұмыстарды қалт жібермеймін. Әрдайым қатысуға тырысамын. Болашағымды туған ауылыммен байланыстырғым келеді. Ауылдағы жастардың барлығы жұмыспен қамтылып, өз күндерін өздері көруде. Бірлік елді мекенінде үш жүзге жуық жас бар. Ал олардың арасында жұмыссыз жүрген жан жоқ», - дейді Б.Радикова.
Кешке жақын делегациялардың таныстыру рәсімі өтті. Айта кетерлігі, жастардың шығармашылық қабілеттері танылған шараға Шарбақты ауданының әкімі Сапаргелді Смағұлов қатысты.
Облыстық форум келесі күні Шарбақты ауданының орталығында жалғасын тапты. Пленарлық отырыста Шарбақты ауданының әкімі Сапаргелді Смағұлов, Павлодар облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Аян Әділбеков және «Ауыл жастарының Одағы» корпоративтік қорының директоры С.Жартыбаев баяндама жасап, қатысушылармен ортақ мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті.
- Жастар – тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі, жарқын болашағының кепілі. Шарбақты ауданында 21500 тұрғын бар болса, оның 7000-нан астамын жас буын өкілдері құрайды. Сегіз үкіметтік емес ұйым, алты этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді. Бұл ұйымдардағы мүшелердің көбі – жастар, - деді С.Смағұлов.
Облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары А.Әділбеков ауыл жастары үшін осындай форумның өткізілуі ортақ мәселелерді шешіп, тәжірибе алмасуға қолайлы алаң болып табылатынын айтты. Ол, сонымен қатар, осыдан екі жыл бұрын бастау алған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының облыстағы қорытын-дыларына тоқталып өтті. «Бұл бағдарлама жоғары оқу орындарын тәмамдап, белгілі бір мамандық иесі атанған жастар үшін оңтайлы мүмкіндіктер тудыруда. 2009 жылдан бастап қазақтың алтын бесігі ауылдарымызда еңбек жолын бастауға ниеттенген жастар саны 1272-ні құрап отыр. Олардың 1049-ы білім, 201-і медицина, ал 22-сі мәдениет саласы бойынша қызметке тұрды. Ауылдың гүлденуіне атсалысуды ұйғарған жас мамандардың барлығы республикалық бюджеттен көтермеақы алып, қажетті әлеуметтік көмекке ие болуда», - деді ол. Ауылға баруды ниет еткен жастар легі биылғы жылы да толастамады. Павлодар облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, 2011-2012 оқу жылында жоғары педагогикалық білім беретін оқу орындарының 523 түлегі облыс мектептеріне, оның ішіндегі 450 жас маман ауылдық жерлердегі білім беру мекемелеріне жіберілген.
Отырыс барысында аудандардан келген делегаттар да өз пікірлерін білдірді. Олар жастарды ғана емес, барша тұрғындарды алаңдатқан мәселелер төңірегіндегі ойларын бүгіп қалмады. Мәселен, Май, Ақтоғай, Баянауыл және Ертіс аудандарының делегаттары мемлекеттік тіл мәселесі мен жастарды бұқаралық спортпен айналысуға тарту мәселесін шешу жолдарын қарастыру керек деп дабыл қақты. Олар мұндай шаралардағы секция жұмыстарының басым бөлігін қазақ тілінде өткізуге ұсыныс білдірді. «Кенжекөл жастары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жұлдыз Молдабаева Кенжекөл ауылының экологиялық жағдайы толғандыратынын жеткізді. «Туған ауылымыздың қоғамдық өміріне міндетті түрде қатысып, жүйелі істерді қолға алуымыз керек. Кенжекөл ауылы Ертіс өзенінің жағасында орналасқандықтан, тазалыққа қатысты мәселе бізді сырт айналып өтпейді. Ауылымызға күнбе-күн демалуға келетін адамдар саны көп болғандықтан, санитарлық ережелер дұрыс сақталмайтынын атап кеткен жөн. Сондықтан, бұл мәселені шешуге жастар да атсалысулары керек», - дейді ол.
Жиын барысында болашақ жастардың қолында екені айтылып, елімізде осы мақсат жолында қолға алынып жатқан жобалар аз емес екендігі турасында сөз қозғалды. Ал оны өз керегіне қарай пайдалану - әрбір жастың құзырындағы мәселе. Мемлекет тарапынан жасалынып жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануда әрбір жастың өз ұмтылысы болуы тиіс. Олар Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тыңдыруға міндетті екендіктерін естен шығармауы керек. Пленарлық отырысқа қатысушылар осындай қорытындыға келді. Шара жастарға сертификаттарды табыстау рәсімімен тәмамдалды. Ұйымдастырушылардың шешіміне сәйкес, ауыл жастарының кезекті форумы Лебяжі ауданында өтеді.
А.ЕСІМХАНОВА.

