Лебяжі ауданының Баймолдин атындағы ауылдық округіне қарасты Тақыр ауылында мал сою орны ашылды. Нысан Тақыр ауылында орналасқан «Асхат» шаруа қожалығның басшысы Б.Бисмильдиновтың демеушілігімен салынған. Шаруа қожалығы мал сою орны құрылысына бір миллион теңге қаражат жұмсап, жергілікті екі жаңа жұмыс орнын ашты. Ауылдық округінің әкімі Қ.Омаровтың айтуынша, арнайы нысанда бір күнде ветеринарлық заңға сәйкес 20 қара малды союға мүмкіндік бар.
Серік КӘРІМ.

