Баянауыл ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамыту қолға алынуда. Ет және ет өнімдерін өңдеп-өткізу бағыты бойынша Майқайың кентіндегі «Кең дала» ауылдық тұтыну кооперативі былтыр «Агронесиелік корпорациясы» АҚ-нан «Баянауыл» ауылдық несиелік серіктестігі арқылы 29,3 млн. теңге несие алып, қасапханаға қажетті қондырғылар мен құралдар сатып әкеліп орналастырды. «МТС Жайма» ЖШС биыл 1000 бас ірі қара малды бордақылайтын заманға сай инфрақұрылыммен жабдықталған алаңы бар қасапхана құрылысын салу және халықаралық стандартқа сай ет өнімдерін тереңдете өңдейтін қондырғылар сатып алуға 480,0 млн. теңге жұмсамақ. Шаруашылық қажет қаржыны қаржы ұйымдары арқылы рәсімдеді.
Агронесиелік корпорациясы арқылы аудан кәсіпкерлеріне 5-7 жылға 9-10 пайыздық көлемінде 70 млн.теңге несие бөлінген. Бұл несиені кәсіпкерлер туризмді дамыту, демалыс үйін салу, қоғамдық тамақтандыру орындарын кеңейту, құрылыс материалдарын дайындау мақсатында жұмсауда.
Айнұр ҚУАТҚЫЗЫ,
Баянауыл ауданы.

