СПОРТШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

 

     Железинка ауданында мини футбол алаңы ашылды. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Ж.Шұғаев және Павлодар облысының спорт және денешынықтыру, туризм басқармасындағы топтық-спорттық жұмыстар бөлімінің бастығы О.Кольев қатысты. Аудан әкімі жұртшылықты алаңның ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта коньки тебуге арналған мұз айдыны ашылатынын мәлімдеді.

     Ашылу рәсімі күні бірқатар спорттық шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, аудан әкімшілігі қызметкерлері мен спорт ардагерлері арасында футбол ойыны, тас жолда роликтік шаңғы бойынша жарыс ұйымдастырды.  Бұл турнирге Ақмола облысы Шучинск қаласынан келген спортшылар өнерлерін көрсетті. Бір шақырымдық жарысқа 1993-1995 жылғы дүниеге келген ер балалар және 1996-1998 жылдары туған қыздар қатысты.

     Жүлделі орынға ие болған спортшылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Индира СЕРІКҚАЛИҚЫЗЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31