Былтырғы қыста Шарбақты ауылындағы су құбырлары қатып қалып, тұрғындар таза ауыз судан тапшылық көрді. Бұл Шарбақты ауданы үшін үлкен проблема болды. Қазіргі уақытта аталған мәселенің алдын алу үшін қысқы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтуды «Қайнар» қазыналық кәсіпорны өз міндетіне алған. Олар суық түскенге дейін жұмысты бітіреміз деп жоспарлауда.
Сондай-ақ, 180-ге жуық тұрғын үйге су құбырлары тартылып, тұрғындар суды өз үйлерінен алатын мүмкіндікке қол жеткізді. Жүйелі жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.
Даниял ҚЫЗЫРҰЛЫ,
Шарбақты ауданы.

