ЖЕЛЕЗИНДІК ШАРУАЛАРДЫҢ ТАРТУЫ

altСенбі күні облыс орталығында Железин ауданының тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін ұйымдастырды.  Халық көп жиналған шарада жергілікті тұрғындар тұрмысқа қажетті өнімдерді арзан бағамен сатып алды.
Железин ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Баулыбай Аужановтың айтуынша, жәрмеңкеге 3,5 мың тоннаға жуық ет әкелінген. Оның ішінде ірі қараның, қой мен құс еттері бар. Сондай-ақ, күнбағыс майы, сүт өнімдері мен көкөністер және тағы да басқа азық түрлері арзан бағамен сөрелерге қойылды.
- Жәрмеңкеге ауданның барлық ауылдық округтері қатысуда. Бұл – осы жылдағы біз қатысып отырған алғашқы жәрмеңке. Өткен жылы бірнеше  рет облыс орталығында және үш мәрте ауданда  ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін ұйымдастырдық. Оның әрқайсысында орташа есеппен алғанда он миллион теңгенің өнімдері сатылды. Түскен қаржының бір бөлігіне Павлодар қаласында орналасқан «Железин» әлеуметтік дүкеніне тауарлар әкелеміз. Өткен жылы Железин ауданы ауыл шаруашылығы саласы бойынша облыста бірінші орынға ие болды. Осы межеден түспес үшін ыждаһаттылықпен жұмыс жасауды жалғастыра береміз, - деді Баулыбай Ілияшұлы.
altАудан өкілінен өңірде биылғы дала жұмыстарына дайындық қалай жүріп жатқанын сұрадық. Б.Аужановтың сөзінше, биыл егістік алқабы 148 мың гектарға ұлғаяды деп күтілуде. «12 мың тонна тұқым егуді жоспарлап отырмыз. Оның барлығы тексерістен өтті. Бұйыртса, дала жұмыстарын сәуір айында бастаймыз. Техникалардың дайындығы да - басты назарда. Өткен жылы 48 жаңа техника сатып алдық. Осы уақытқа дейін 30 мың гектар аумақта қар тоқтатылды. Егіс жұмыстарымен қатар, мал шаруашылығына да баса мән беріп отырмыз. Бұл ретте, асыл тұқымды 600 бас мал сатып алуға өтініш білдірдік», - деді ол.
Павлодар қаласындағы «Восточный» шағын ауданында тұратын Әнуарбек Омаров ақсақал бәйбішесімен бірге жәрмеңкеге арнайы келіпті. «Ірі қара малдың еті мен көкөніс өнімдерін сатып алдық. Жалпы, осындай жәрмеңкелердің көптеп ұйымдастырылғаны жергілікті тұрғындар үшін қажет-ақ. Мұндағы тауарлар табиғи әрі бағасы да арзан. Сондықтан, халықтың дені сапалы өнімді молынан сатып алғысы келеді», - дейді ақсақал.

Фархат ӘМІРЕНОВ.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 23 24 25 26
27 28 29