Павлодар облысының «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының өнерпаздары Қашыр ауданының Тегістік ауылында концерттік бағдарламамен болып қайтты. Концертке жиналған халық ҚР мәдениет қайраткері, Ж.Аймауытов атындағы театр әртісі М.Байжұманов пен «Ретро» вокалдық тобының әншілерін ерекше ықыласпен қарсы алып, өнерлеріне тәнті болды.
Мәдени шара соңында ауыл тұрғындары концертті ұйымдастырған «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының маманы М.Әбутәліповаға алғыстарын білдірді.
Айнұр БАЙКЕНОВА,
Тегістік орта мектебінің мұғалімі, Қашыр ауданы

