Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында ауқымды шаралар жалғасын табуда. Мәселен, аудандағы 10 соғыс ардагеріне жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары тегін 3 тоннадан астам шөп берді.
Сонымен қатар, республикалық «Мектепке жол» акциясының аясында аз қамтылған, көпбалалы, жетім және ата-аналардың қамқорлығынан айырылған, материалдық көмек қажет ететін балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар тарапынан 154 мың теңгені құрайтын көмек көрсетілді. Мұндай қуанышқа 32 бала бөленді.
Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айының алғашқы күні аудан әкімі Е.Әйтеновтің ұйымдастыруымен орталық мешітте ауызашар берілді.
Баянауыл ауданы.

