Қазақстан Республикасы Конституциясының 15жылдығына орай Железинка ауданына концерттік бағдарламамен Павлодар облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығының «Асыл мұра» үгіт пойызы болып қайтты.
Өнерпаздар Михайлов, Веселорощин және Новомир селолық округтерінде болып, жұртшылықты қуантты. Үгіт пойызының құрамында ҚР-ның мәдениет қайраткері, облыстық «Шаңырақ» мәдени-сауық орталығының әншісі М.Байжұманов, «Ретро» вокалдық ансамблі ҚР халық композиторы, әнші Шәмші Қалдаяқовтың және республикаға танымал әртістердің әндерін орындап, халықтың көңілінен шықты.
Сонымен қатар, 18 тамыз - ҚР-ның шекара қызметінің кәсіби мерекесіне орай Петропавловка ауылында тұрған шекара сарбаздарына да концерттік бағдарлама ұсынылды.
Ауданның мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі, Железинка ауданы.

