СЕРВИСТІК-ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

 

      Черноярка ауылдық округінде «Павлодар сервистік-дайындау орталығы» ЖШС құрылды. Бүгінде көптеген шаруаларда өнімдерін сақтайтын орын жоқ. Одан басқа, жаздыгүні ауылдағы барлық шаруа қожалықтарының суармалы алқаптарына су жете бермейді. Жалпы мөлшері 11 млн. текше метр су қажет болса, бүгінде берілетіні 6 млн. текше метрге зорға жетеді. Мәселені шешу үшін насосты станция мен магистральді құбырларды сатып алып, жаңғырту жұмыстарын жүргізу керек. Оған шамамен 105 млн. теңге қаржы қажет. Картоп пен көкөніс өнімдерін өткізудің ұтымды жолдары да қарастырылуы тиіс. Жақында осы ауылда болғанында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев тығырықтын шығу үшін сервистік-дайындау орталығын құру қажеттігін алға тартқан болатын. Мұндай серіктестікті «Ертіс өркені» ЖШС, жеке кәсіпкер С.Тилинин, «Заря» шаруа қожалығы мен «Черноярский» су пайдаланушылар кооперативі бірлесіп ашты. Бұл әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға Павлодар аймағы үшін арналып берілген қыруар қаржыны ортақ мақсатқа пайдалануға мүмкіндік тудырады. Серіктестік мүшелері қолда бар қоймаларды заманауи тоңазытқыштармен жабдықтап, шаруалардан сатып алынған, жалға алынған өнімдерді сонда сақтауға мүдделі. Сөйтіп Павлодар ауданында жиналған картоп пен көкөніс өнімдерін жыл бойы тұтынушыларға тиімді бағамен сатуға жол ашылады.  

Роза МҰСТАФИНА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31