Бүгінде ауданның әрбір ауылдық округінде дерлік жеке наубайханалар жұмыс істейді. Бұл ауылдықтар үшін тиімді: қаладан жеткізілетін өніммен салыстырғанда, жергілікті нанның сапасы жоғары, ал бағасы – төмен.
Даниловка ауылында барлығы жергілікті наубайхананың өнімдерін сатып алады. Нанның бір бөлкесі – 40 теңге. Оның салмағы 550 грамм, ешқандай қоспасыз пісіріледі. Біраз уақыттан бері Даниловка ауылындағы шығарылатын нандар Ефремовка ауылына да өткізіле бастады. Мұндағы дүкеннің сатушысы Татьяна Кутырконың айтуынша, қолдың нанына ұқсайтын ас атасын жұртшылық таласа-тармаса сатып алады. Алдағы уақытта наубайхана иелері тәтті тоқаштар мен түрлі кондитерлік өнімдер шығаруды қолға алмақшы. Бұл бастаманы жергілікті билік қолдауда. Аудан әкімі Төлеген Бастенов шағын да болса әрбір ауылда наубайхананың болғанын құптайды. Бұл ауылдықтарды бағасы төмен, жаңа піскен нанмен ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен бірге, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Индира ЛЯТИНА.

