АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ

 

      Баянауыл ауданында «Жастар» кешенді бағдарламасы аясында жастар арасында мемлекеттік тілді дамыту, жастар шығармашылығын арттыру мақсатында ҚР Конституциясының 15 жылдығына орай аудан әкімінің кубогы үшін КВН ойыны өткізілді. КВН-нің іріктеу турлары нәтижесінде қатысқан 13 ұжымның арасынан 6 команда финалдық ойынға жолдама алды. 

      Финалдық ойынға Ұзынбұлақ ауылдық округінің «Бес саусақ», Сәтбаев ауылдық округінің «Теңдік - тігідік – тігідік», Баянауыл ауылдық округінің «Баян еркелері», Торайғыр ауылдық округінің «Жас дәурен», Майқайың кентінің «Жас қыран» мен Қызылтау ауылдық округінің «Думан-кz» командалары қатысып, әзілден шашу шашты.

      «Менің Отаным - Қазақстан» атты тақырыпта өткен көңілділер және тапқырлар ойындары ойдағыдай өтіп, аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

     Қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен КВН ойынынан аудан әкімінің кубогын Қызылтау ауылдық округінің «Думан-кz» командасы жеңіп алды. Олармен тең дәрежеде өнер көрсеткен «Бес саусақ» командасы бірінші орынды, «Баян еркелері» екінші орын және «Жас дәурен» командасы үшінші орынды иеленді.

Баянауыл аудандық ішкі саяат бөлімі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30