ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАЛҒАСУДА

 

      Республика бойынша ағымдағы айда басталған «Мектепке жол» акциясы ауданда нәтижелі жүргізілуде. Осы орайда, ауданда мектеп жасындағы балалары бар тұрмысы төмен отбасыларды, ата-ана қамқорынсыз қалған ұл-қыздарды анықтау мақсатында арнайы рейдтік шаралар ұйымдастырылған. Нәтижесінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін тоқсанға жуық оқушы тіркелген. Оларға бүгінде демеушілердің қаржысы есебінен 80,6 мың теңгеге және ауданның жаппай оқыту қорынан 114,2 мың теңге сомасына көмек көрсетілді. Балаларға қол ұшын созғандардың қатарында Г.Қапашева, С.Нұрғаламов, Ж.Қапашев, И.Ткачук, Қ.Қожанова, С.Бейсенбинов сынды жергілікті кәсіпкерлер және «Бақтыбаев» жеке кәсіпкерлігінің басшылығы бар. Сондай-ақ акцияға аудандық мемлекеттік мекемелер де қатысуда. Бұл ретте Ертіс ауданының кәсіпкерлік, еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерін атап өтуге болады. Соңғысы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардан шыққан 44 баланы өз қамқорлығына алып, жалпы сомасы 734 мың теңге шамасында көмек көрсеткен. Акция әлі де жалғасын табады.

Қамшыбай ҚАЛИАҚПАРОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30