Лебяжі ауданында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы бойынша ақпараттық үгіт-насихаттық топ жұмысын жалғастыруда. Павлодар облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасы бастығының орынбасары Б.Суенов, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Х.Әкімханов, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бөлімінің бастығы А.Түгелбаев бастаған облыстық насихаттық топ аудандық үгіт насихаттық-топпен бірігіп, Елбасының биылғы Жолдауын түсіндіру мақсатында Қызыләскер, Шарбақты және Жамбыл ауылдық округтерінде болып қайтты.
Үгіт-насихаттық жұмыс жүргізілген ауыл тұрғындары Президент Жолдауының нақты бағыттары бойынша хабардар болып, өзара пікір алмасты.
Айнұр НҰРАХМЕТОВА,
аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

