Успен ауданында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығы қарсаңында салтанатты шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі - кәмелеттік жасқа толған жастардың жеке куәліктерінің және өмір есігін ашқан нәрестелердің ата-аналарына баланың туу туралы куәліктерін салтанатты табыстау шарасы. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері мен Успен ауданының әділет басқармасы ұйымдастырған шараға аудан әкімі аппаратының басшысы, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының бірінші орынбасары және аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты. Жеке куәлік алған жастар мен нәрестелердің ата-аналарына естелік сыйлықтар табыс етілді.

