БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

 

     Железинка ауданында «Мемлекеттік бағдарламалардың іске асуына азаматтық бақылау» акциясы аясында қаржы полициясы, прокуратура және жергілікті партия ұйымдарының жетекшілері «Ауыз су», «Жол картасы», «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламалары шеңберінде атқарылған жұмыстарды тексерді.

   Михайловка, Алакөл ауылдарына тартылған су құбырларындағы жөндеу және «Башмашы-Озерный» тас жолында жүргізілген құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысқан партия мүшелері аталған ауылдық округтер әкімдерімен, құрылыс жұмыстарын қолға алған мердігер құрылымдардың басшыларымен кездесіп, пікірлесті.

   Бақылау тобы сонымен қатар бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің іске асуына да назар аударып, аудан орталығынан шалғай орналасқан елдімекендерге дәрі-дәрімектің жеткізілуі жайында сұрастыру жұмыстарын ұйымдастырды. Жұмыс сапарынан оралған топ мүшелері жүзеге асырылған істерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, кейбір кемшіліктерді сараптады.

Мұса МҰХАМЕТ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30