Облыс әкімінің орынбасары Ә.Ғалымова жұмыс сапарымен Қашыр ауданында болып қайты. Байқоныс елдімекені мен Тереңкөл ауылдарын аралаған ол аудандағы мектепке дейінгі шағын орталықтардың және балабақшалардың жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ Тереңкөл ауылындағы спорттық кешен, Жеңіс паркі мен жағажайда және аудандық аурухана мекемесінде болып, Қашыр аудандық «Нұр отан»ХДП филиалының жаңа ғимаратына ат басын тіреді. Сапар соңында Ә.Ғалымова аудан әкімі Б.Бақауовпен бірге облыс көлемінде өтіп жатқан ауыл жастары форумына қатысты.
Г.ЖАЯБАЕВА.

