Лебяжі аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы Рысбек Тастамбековтың мәлімдеуінше, биылғы жылғы мал азығын дайындау жоспары ойдағыдай орындалды. Аудан бойынша жоспарланған 89 гектар шабындық жерден шамамен 61 мың тонна шөп әзірленді. Нақтырақ айтсақ, 1 гектардан 8 центнерден шөп шабылды. Мал азығының 22150 тоннасы шөп үйетін орынға жеткізілді. Шөп азығын дайындау жоспарына сәйкес Ямышево – 175%-ға, Жамбыл – 157%-ға, Қызылағаш - 222%-ға және Қызыләскер ауылдық округінде 152%-ға орындалды. Жоспар уақытында орындалғанмен, пішен дайындау жұмысы одан әрі жалғасын табуда.
Бауыржан САҒИДОЛДА.

